2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысының нәтижесінде Қазақстанда 36 мыңға жуық жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,6 мыңнан астам тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысында жұмыс берушілерге анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп, қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылданған.
Министрлік жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда екенін атап өтті. Тексерулер барысында бірқатар кәсіпорындарда қызметкерлер алдындағы жалақы бойынша берешек анықталған.
Осыған байланысты жұмыс берушілермен бірлесіп берешекті өтеу кестелері бекітіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынған. Нәтижесінде жалақы қарызының бір бөлігі өтеліп, жүздеген жұмыскердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте инвестордың құқығын бұзған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылғанын хабарлаған едік.
Пікірлер