Ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы комитетінің облыс бойынша департаменті басшылығы бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары жеке және заңды тұлғалардан түскен 1440 өтінішті қараған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
– Есепті кезеңде 211 тексеру жүргіздік. Оның 198-і жоспардан тыс тексеру болды. Нәтижесінде 261 еңбек заңнамасын бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 205 жағдайда заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Қазір анықталған заң бұзушылықтардың 80%-ы жойылды. Қалғандары бойынша нұсқамаларды орындау мерзімі әлі аяқталған жоқ, – деді Бақытбек Қизатов.
Оның айтуынша, аталған кезеңде жалпы сомасы 7,7 млн теңгеге 48 әкімшілік хаттама толтырылған. Қазір оның 57%-ы өндірілген.
Пікірлер