A+ A A-

talgatzhan 51 Бүгін, 16:30 0

Өскеменде еңбек шартынсыз жұмыс істеген жасөспірім қолынан айырылған

Бүгін / Өскемен

Қалада құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорында бейресми жұмыс істеген жасөспірім ауыр жарақат алып, қолынан айырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп жатыр.

– Алдын ала мәліметке сәйкес, зардап шеккен жасөспірімге еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізілмеген және еңбек шарты жасалған жоқ. Қазір комиссия құрылып, мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысында қосымша ақпарат беріледі, – деді ол.

Облыстық полиция департаменті мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігіне («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив