Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Александр Светаш 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына турасында оның ерекшелігіне тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, сайлау партиялық тізім бойынша өтеді. Бұл саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары мен депутаттыққа үміткерлерді іріктеудегі жауапкершілігін арттыратын көрінеді.
– Бір палаталы Парламенттің басты артықшылығы – оның құрылымы халыққа түсінікті болады. Сонымен қатар өзекті мәселелер бойынша заңдарды қабылдау жеделдейді. Саяси партиялар жұмысы да бір заң шығарушы орган аясында ұйымдастырылады, – деді ол.
Еске салайық, Құрылтай – елдің заңдарын қабылдайтын, республикалық бюджетті бекітетін және мемлекеттің экономикалық әрі әлеуметтік саясатына ықпал ететін бір палаталы заң шығарушы орган. Бұған дейін Қазақстан Парламенті екі палатадан – Мәжіліс пен Сенаттан тұрған болатын.
Александр Светаш (фото: Liter.kz)
Жаңа Құрылтайға 145 депутат өтеді. Олар 5 жыл мерзімге сайланады.
Бұл жолғы сайлаудың басты ерекшелігі – сайлаушылар жеке кандидатқа емес, саяси партияға дауыс береді. Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше, 23 шілдедегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарына үміткер 545 кандидат енгізілген. Сайлау бюллетенінде партиялар мынадай ретпен орналасады: «Әділет» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы және «Respublica» партиясы.
Пікірлер