A+ A A-

talgatzhan 50 Бүгін, 17:20 0

ШҚО-да құқықтық сауаттылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін / ШҚО

29 шілдеде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Заң және жастар» атты ашық диалог алаңы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараға спикер ретінде ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Мәди Қалиақпаров және Өскемен қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Аяжан Ержанқызы қатысты.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қатысушылармен заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, заң талаптарын құрметтеуге және әр азаматтың жеке жауапкершілігінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Спикерлер азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын сақтау және белсенді азаматтық ұстаным қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар қатысушыларға тәжірибеден нақты мысалдар келтіріліп, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұсынымдар берілді.
Іс-шара соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты жауап алды. Осындай диалог алаңдарын өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив