A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 17:50 0

ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы 8 адам суға кетті

Бүгін / ШҚО

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазовтың ақпаратынша, өңір аумағында 23 жаппай демалу және шомылу учаскесі анықталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Департамент өкілдері профилиактикалық шаралар арқылы азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту емес, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуды мақсат ететіндіктерін айтты. ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов шомылу маусымы басталғалы облыста 8 адам суға батқанын алға тартты.
– Қайғылы жағдайдың барлығы шомылуға жабдықталмаған жерлерде болған. Бұл оқиғалар рұқсат етілмеген жерлерде шомылу өмірге нақты қауіп төндіретінін тағы да растап отыр. Азаматтарды тек жабдықталған жағажайларда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, мас күйінде суға түспеуге, қалқымалар үшін жүзбеуге және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз, – деді Амангелді Еңсегенов.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, шомылу маусымы басталғалы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес 91 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ТЖД өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес 1 шілдеден бастап аталған өкілеттіктер Төтенше жағдайлар министрілігіне берілгенін түсіндірді.
– Біздің басты міндетіміз – азаматтардың су айдындарында қаза болуына жол бермеу, әкімшілік жауапкершілікке тартпау. Егер кеме жүргізушісі қауіпсіздік талаптары ескермесе, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, кінәлілер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады, – деді Департамент өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив