A+ A A-

talgatzhan 47 Бүгін, 09:30 0

Өскемен әкімі жауыннан кейінгі су басуға қатысты сын айтты

Бүгін / Өскемен / Өзекті мәселе

28 шілдеде облыс орталығында қатты жаңбырдан бірқатар көшені су басты. Әсіресе Қазақстан көшесінде су деңгейі көтеріліп, жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туындатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кезекті аппараттық кеңесте қала әкімі коммуналдық қызмет өкілдерінен нөсер кәрізінің не себепті дұрыс жұмыс істемегенін сұрады.
– Осылай бола бере ме? Нөсер кәрізі неге жұмыс істемейді? Жаңбыр небәрі тоғыз минут жауды. Егер 20 минут жауса не болар еді? – деді шаһар басшысы. 
Ол жауапты мекемелерге нөсер кәрізі жүйесін ретке келтіріп, жауын-шашын кезінде судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етуді тапсырды. 
Оның айтуынша, бұл жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрғындардың қолайсыздыққа тап болмауы үшін маңызды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив