A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 09:40 0

ШҚО әкімі «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

Бүгін / ШҚО

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бекежан Жакеевпен кездесті. Соның барысында поштаның қызмет көрсету сапасын арттыру, цифрландыру, инфрақұрылымды дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бүгінде «Қазпошта» АҚ-да республика бойынша 15 мың адам жұмыс істеп, 2,5 мың көлік жұмылдырылған. Компания қызметтері мен мүмкіндіктері заманға сай өзгеруде. Шығыс Қазақстанда жалпы саны 89 бөлімше бар. Оның 57-сі ауылдарда орналасқан. 
Кездесуде қоғамдық көліктерді субсидиялауға арналған цифрлық шешімдерді енгізу қарастырылды. Бұл субсидия берудің ашықтығын арттыруға, деректерді өңдеуді жеделдетуге және процестің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ компания өкілдері Шығыс Қазақстан облысының жобаларын «жасыл дәліз» қағидаты бойынша сүйемелдеп, бірлескен бастамаларды әзірлеуге дайын екенін жеткізді. Бұдан бөлек, «Қазпошта» АҚ-мен бірлесе отырып, өңірдегі 59 ауылды интернетке қосу мәселесі көтерілді.
Кездесу соңында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әр ұсыныс жіті қарастырылып, жобалардың жан-жақты талданатынын жеткізді. Қос тарап бірлескен жобаларды іске асыруға және одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив