A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 10:05 0

Өскемен көшелерінде ойын автоматтары алынып тасталады

Бүгін / Өскемен

Қала әкімі Алмат Ақышов орталық көшелерде орнатылған автоматтарды алып тастауды тапсырды. Бұл туралы ол кезекті жиналыста мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәселе әлеуметтік желілерде қала тұрғындарының түнгі уақытта ойын автоматтарын пайдаланған жастардың шу шығарып, тыныштықты бұзып жатқаны туралы шағымдарынан кейін көтерілді.
Шаһар басшысы мұндай автоматтардың орталық көшелерде орналасуына қарсы екенін айтты.
– Егер бұл автоматтардың иелері сауда үйімен келісімшарт жасаған болса, бұл оларды міндетті түрде көшеге қою керек деген сөз емес. Оларды ғимараттың ішіне орналастырсын. Ішінде не істесе де өз еркі. Ал орталық көшелерде тұруына мен үзілді-кесілді қарсымын, – деді Алмат Ақышов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив