A+ A A-

talgatzhan 54 Бүгін, 10:10 0

«BEREL» волейбол клубының бас бапкері тағайындалды

Бүгін / ШҚО / Спорт

Ел чемпионатында облыс намысын қорғап жүрген «BEREL» волейбол клубының бас бапкері болып Халук Коркмаз тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Халук Коркмаз – әйелдер волейболы бойынша халықаралық тәжірибесі мол маман. Ол Түркияның жетекші клубтарында қызмет атқарып, ұлттық құрамалар жүйесінде жұмыс істеген. Сонымен қатар Түркия, Украина және Болгария құрамаларының жаттықтырушылар штабында еңбек етіп, Түркия мен Әзербайжан чемпионаттарында бас бапкер қызметін атқарған.
Халук Коркмаздың халықаралық деңгейдегі тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі команданың дамуына жаңа серпін беріп, алдағы маусымда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді деп күтілуде, – делінген «BEREL» волейболы клубының баспасөз қызметі мәліметінде.
Айта кетейік, «BEREL» волейбол клубы соңғы жылдары Қазақстандағы жетекші әйелдер командаларының біріне айналып, Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Қазақстан Кубогының қола жүлдегері атанды.

Фото: «BEREL» волейбол клубының баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив