A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 10:25 0

Жеті жастағы қыз тікұшақпен Өскеменге жеткізілді

Бүгін / Өскемен

Санитарлық авиацияның көмегімен Үлкен Нарын ауданының тұрғыны шұғыл түрде облыс орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, балаға шұғыл медициналық көмек қажет болды. Алайда оның нақты диагнозы жарияланбады.
Қызды облыс орталығына жеткізу үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Экипаж құрамында Сергей Пинигин, Леонид Калеканов, Айдар Мамырханов, санитарлық авиация дәрігерлері Рафаил Халитов пен Антон Волков болды.
Ұшу барысында дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмекті көрсетті.
ШҚО ТЖД мәліметінше, санитарлық авиация өңірде ауыр халдегі науқастарды, жүкті әйелдерді мамандандырылған медициналық мекемелерге жедел жеткізу үшін тұрақты түрде қолданылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив