Бұл туралы қала әкімі аппараттық кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшімі.
Оның сөзінше, соңғы уақытта тұрғындар тарапынан саябақтардың тазалығана қатысты шағымдары жиілеген.
– Саябақтарға байланысты шағым өте көп. Әлеуметтік желіде түрлі жарияланымдар шығады, мен оларды «Таза Өскеменге» қайта-қайта жіберуге мәжбүрмін. Шөпті уақытында шабыңыздар, сырлау жұмыстарын жүргізіңіздер, – деді Алмат Ақышов.
Қала әкімінің айтуынша, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктердің тазалығын тұрақты бақылау мақсатында әр бөлімге нақты аумақтар бекітілген.
Сондай-ақ ол қала қызметтеріне жалпықалалық сенбіліктерге белсенді қатысуды және абаттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Пікірлер