ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері өңірде велосипед ұрлығына қатысты 38 факті тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде 27 қылмыс ашылып, 20 күдікті ұсталды. Ұрланған 20-дан астам велосипед заңды иелеріне қайтарылды.
Велосипед ұрлығының басым бөлігі азаматтардың мүлік қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауынан болады. Оларды аулада, көпқабатты үйлердің кіреберістерінде, дүкендердің маңында және басқа да қоғамдық орындарда қараусыз қалдыру қылмыс жасауға мүмкіндік береді.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарды мүлік қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады. Велосипедтерді қараусыз қалдырмау, сенімді ұрлыққа қарсы құрылғыларды пайдалану және оларды қауіпсіз орындарда сақтау ұсынылады.
Пікірлер