28–30 шілде аралығында өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және Жол жүргізу ережелерінің бұзылуын болдырмауға бағытталған «Тасымалдаушы» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үш күн ішінде полицейлер жол жүрісі бұзудың 915 дерегін анықтап, 39 көлік құралын мамандандырылған тұраққа қойды және 35 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тәркіледі.
- Тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда такси қызметін көрсету мақсатында мазасыздық тудырған 44 деректі, заңсыз жолаушылар тасымалдаудың 23 жағдайын, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 24 фактісін, техникалық байқаудан өтпеген 31 құқықбұзушылықты, тиісті құқығы жоқ тұлғалардың көлік басқарғаны үшін 26 деректі, жолаушылар, багаж және жүк тасымалдау ережелерін бұзған 17 фактіні, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін 89 автокөлікті анықтады. Сонымен қатар жол қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін өрескел құқықбұзушылықтардың да жолы кесілді: масаң күйде көлік басқарған 12 жүргізуші, қарсы бағытқа шығып кетудің 3 фактісі және көлік басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік жүргізген 3 жағдайы тіркелді, - делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде.
Пікірлер