A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 16:35 0

ШҚО-да «Мектепке жол» акциясы басталды

Бүгін / ШҚО

1 тамыздан бастап Қазақстанда «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы басталады. Ол 30 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Бүгінде «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өңірлік іс-шаралардың облыстық жоспары әзірленді. Сондай-ақ облыстық штаб бекітілді.

Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында «Балаға қамқорлық сыйла!», «Мейірімді қолдар», «Ауыл балаларына мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасына көмектеседі: балаларды мектепке бірге дайындайық!» сияқты қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.

Акция кәсіпкерлерді, меценаттарды, мемлекеттік органдарды акцияны өткізуге қолдау көрсетуге және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлестерін қосуға, олардың мектепке апарар жолын табуына жәрдемдесуге үндейді.

Сондай-ақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Алғашқы рет – бірінші сыныпқа», «Бірінші сынып оқушысына сыйлық» және басқа да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Іс-шара аясында білім басқармасының мамандары Полиция департаментімен бірлесіп, дәлелді себепсіз мектепке бармайтын балаларды анықтау мақсатында рейд жүргізетін болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив