Қырғызстанда жалауын көтеретін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жерлестеріміз споттың үш түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратты облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі бөлісті. Ұзын-саны 60-тан астам елден командалар жарыс жолына шығады деп отыр. Аптаға созылатын бәсеке Бішкектегі «Азаттық Аренада» өтеді. Спорттың 43 түрінен жүлделі орындар сарапқа салынады. Арқан тартыста ел намысын шығысқазақстандық жігіттер қорғайды. Олар 8х8, 4х4, 1х1 санаты бойынша құмда өз мүмкіндіктерін байқайды. Тізім төмендегідей:
1. Достан Ошабаев
2. Азамат Уалиев
3. Дінислам Шакиртов
4. Дәурен Шарипов
5. Сұңғат Серғазин
6. Дамир Байғонов
7. Константин Шишкин
8. Ермек Жәпішев
9. Мейір Рахметкалиев (1х1)
Бапкерлер: Ерлан Уалиев, Әділжан Дюсупов.
– Арқан тартыстан бөлек, дәстүрлі садақ ату бойынша Аяш Қабдоллаева (60 метрлік Пута нысанасы), мас-рестлингтен Ольга Душаева жүлде үшін талас жүргізеді, – деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Еркеш Жанұзақова.
Айта кетейік, Қырғызстандағы көшпенділер ойындары 31-тамыз бен 7-қыркүйек аралығында өтеді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ
Фото: Жарқын Жетпісбаев
Пікірлер