Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының бас маманы Аяулым Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, рақымшылық туралы Заң аясында өңірде жалпы сомасы 14 миллион теңгеден асатын 61 әкімшілік іс бойынша әкімшілік жазаларды орындау тоқтатылды. Оның ішінде 16 іс жеке тұлғаларға, 45 іс жеке кәсіпкерлерге қатысты.
- Рақымшылық салық органдарында тіркелу, арнаулы салық режимдерін қолдану, бақылау-касса машиналарын пайдалану, кеден заңнамасын сақтау және банкроттық туралы заңнаманың жекелеген талаптарын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды қамтыды. Азаматтар мен кәсіпкерлерге рақымшылықты рәсімдеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті болған жоқ. Заң талаптарына сәйкес әкімшілік айыппұлдар автоматты түрде есептен шығарылды. Осылайша, «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін бөлігін іске асыру Шығыс Қазақстан облысында толық аяқталды, - деді Аяулым Ибрагимова.
Пікірлер