A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:35 0

Өскеменде шеңбер жолдың бір бөлігі жабылады

Бүгін / Өскемен

Сәтбаев даңғылы мен Жібек Жолы көшесі қиылысында көлік айрығының салынуына сәйкес айналма жол қиылысының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратты қала әкімдігі бөлісті. Аталған жерде жол өтпесі аралық құрылымының арқалықтарын монтаждау жұмыстары жалғасады. Жолдың аталған бөлігі 2-8 тамыз аралығында түнгі сағат 22:00-ден 07:00-ге дейін жабылады.
Жұмыс барысында көлік құралдарының қозғалысы Сәтбаев даңғылы арқылы Ертіс өзені үстіндегі көпір бағытында ұйымдастырылады. Одан әрі ADK «River» маңындағы айналма жол қиылысы арқылы қоса беріліп отырған жол қозғалысын ұйымдастыру схемасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыстар аяқталған соң көлік қозғалысы штаттық режимде қалпына келтіріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив