A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 09:45 0

Зайсан ауданында әуежай құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін / Зайсан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстанда өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Зайсан ауданындағы жаңа әуежайдың құрылысы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Заманауи әуе айлағының салынуы шекара маңындағы ауданның көлік қатынасын жақсартып, логистикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар туризмнің, кәсіпкерліктің және өңір экономикасының дамуына серпін беріп, тұрғындарды қауіпсіз әрі қолайлы әуе қатынасымен қамтамасыз етеді.
Бүгінде нысанның жалпы құрылыс дайындығы – 86,6%. Жобаның бас мердігері – «Элхон» ЖШС.
Қазір ұшу-қону жолағы, рульдеу жолы, перрон, әуежайдың қоршауы, су бұру жүйесі, сондай-ақ периметрлік және кіреберіс автомобиль жолдарының құрылысы толық аяқталды.
Құрылыс жұмыстары бірнеше бағыт бойынша жалғасуда. Атап айтқанда, заманауи жарық-сигнал беру жүйесі орнатылып, аэровокзал ғимараты, командалық-диспетчерлік пункт, авариялық-құтқару қызметінің нысандары, әкімшілік-тұрмыстық және инженерлік-техникалық ғимараттар салынуда.
Бұдан бөлек, сыртқы инженерлік желілер тартылып, аэронавигациялық және метеорологиялық қызмет нысандары бой көтеруде. Әуежай аумағын абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды орнату жұмыстары да қатар жүргізілуде.
Құрылыс толық аяқталғаннан кейін жаңа әуежай Шығыс Қазақстанның маңызды көлік тораптарының біріне айналады. Бұл Зайсан ауданы тұрғындарының әуе көлігіне қолжетімділігін арттырып, жол жүру уақытын қысқартады. Сондай-ақ өңірге инвестиция тартуға және туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жобаның жүзеге асырылуы тұрақты бақылауда. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив