1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы өсті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі бұйрығымен сүзгілі және сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне белгіленетін ең төменгі бөлшек сауда бағасына өзгерістер енгізілді.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында сүзгілі және сүзгісіз 20 тал темекінің, папиростың, сигарилланың және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1060 теңге болып белгіленді. Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 970 теңге болған.
Сондай-ақ құжатта 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған өнімдердің бір қорабының ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1120 теңгеге дейін көтерілетіні көзделген.
Пікірлер