A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 12:10 0

ШҚО-да Ресей азаматы жоғалтқан сөмке бейнебақылау арқылы табылды

Бүгін / ШҚО

Өңірде Ресей азаматының жоғалған сөмкесі табылды. Оның ішінде жеке құжаттары, балаларының құжаттары және ақшасы болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға Шемонаиха ауданында болған. Өскеменге бара жатқан Ресей Федерациясының азаматы Евгения Шелехова сөмкесін жоғалтып алғанын айтып, полицияға жүгінген.

Өтініш бойынша іздеу жұмыстары басталып, полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексерген. Нәтижесінде әйелдің жүрген бағыты анықталып, сөмкенің жоғалған орны белгіленген.

Табылған сөмкенің ішіндегі заттардың барлығы толық сақталғаны анықталып, иесіне қайтарылды.

- Төлқұжатым, балаларымның құжаттары, ақшам — бәрі аман-есен табылды. Көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын, - деді Евгения Шелехова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив