Ұлан ауданындағы Шалқар көлі маңында құтқарушылар тауға көтеріліп, өздігінен төмен түсе алмаған 2001 жылы туған ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ер адамға жетіп, оны биіктіктен аман-есен төмен түсірді.
Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласуға шақырды.
Пікірлер