A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:25 0

ШҚО-да аптап ыстық басылады

Бүгін / ШҚО

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4, 5 және 6 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Метеорологтардың айтуынша, суық ауа массаларымен толығатын циклон елдің көптеген өңіріне жаңбыр мен найзағай алып келеді. 

- Жауын-шашынмен бірге Қазақстанға салқын ауа ағыны да енеді. Соның әсерінен ауа температурасы соңғы күндермен салыстырғанда айтарлықтай төмендейді, - деп хабарлады Қазгидромет.

Шығыс Қазақстанда аптап ыстық біртіндеп басылады. Егер бұған дейін ауа температурасы +33…+38 градусқа дейін көтерілсе, алдағы күндері +27…+32 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының құбылуына байланысты сақтық шараларын ескеріп, дауылды ескертулерді қадағалап отыруға кеңес береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив