A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 14:15 0

Зайсан ауданында заңсыз аң аулау фактісі анықталды

Бүгін / Зайсан

Омбы – Майқапшағай тасжолындағы рейд кезінде полиция қызметкерлері Audi маркалы автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Көлікті тексеру барысында «Сайга-410» және «Hatsan» тегіс ұңғылы мылтықтары, оқ-дәрілер, жүксалғыштан атылған жабайы қабан табылды.
– Тексеріс барысында 37 жастағы облыс тұрғыны екі танысымен бірге Зайсан ауданының аңшылық алқаптарына шыққаны анықталды. Ер адамның тек қасқыр атуға рұқсаты болған. Алайда аң аулау кезінде ол жабайы қабанды кездестіріп, өз атына тіркелген аңшылық қарудан оқ атқан. Содан кейін атылған жабайы қабанның өзін көлікке салып алған. Тергеу әрекеттері барысында аңшылық қару, оқ-дәрілер, аңшылық билеті, рұқсат құжаттары, жолдама және тергеу үшін маңызы бар басқа да заттар тәркіленді, - делінген ресми ақпаратта. 
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, барлық мән-жайлар анықталуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив