A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 10:15 0

ШҚО-да жол ережесін бұзған жүргізуші мен жолаушы жазаланды

Бүгін / ШҚО

Жол қозғалысы ережелерін сақтамағн Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада жолда келе жатқан көлік жолаушысының терезеден сыртқа шыққаны байқалады. Бұл әрекет жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзу ретінде бағаланды.
Оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізіп, құқық бұзушылыққа қатысы бар азаматтардың жеке басын анықтады.
27 жастағы жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Ал жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив