«Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерін қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл - жылдық 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит. Бағдарлама ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындарына арналған.
Қаржыландыру шарттары:
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;
кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін (60 ай);
жеке кәсіпкерлер үшін микрокредит сомасы – 10 812 500 теңгеге дейін;
ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін микрокредит сомасы – 34 600 000 теңгеге дейін.
Қаржыландыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
қызмет көрсету саласы;
өндіріс;
қоғамдық тамақтандыру;
жөндеу шеберханалары;
тұрмыстық қызмет көрсету;
туризм;
ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлері.
Бағдарламаға қатысу және кеңес алу үшін төмендегі мекемелерге жүгінуге болады:
аудан және қала әкімдіктеріне – тұрғылықты жеріңіз бойынша;
Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1);
«Атамекен МҚҰ» ЖШС (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27);
«Ертіс» ӘКК (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1);
«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27);
Пікірлер