Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау және қоршаған ортаны ластау деректерін анықтау мақсатында күн сайын рейд өткізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде облыста 16 мобильді топ жұмыс істейді. Нәтижесінде 6 195 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде:
5 057 – абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін;
1 138 – ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін.
Сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жоюға ерекше назар аударылуда. Есепті кезеңде 133 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, 108-і жойылды. Қалған нысандарды жою жұмыстары жалғасуда.
Бұдан бөлек, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында 80 ұсыныс енгізілді.
Пікірлер