Аймақта заңсыз құрылысқа қарсы бақылау күшейтілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Самат Қайырдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, жыл басынан бері жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 261 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 244 іс тапсырыс берушілерге, 7 іс техникалық қадағалау сарапшыларына, 7 іс техникалық зерттеп-қарау жүргізген ұйымға, 3 іс мердігер мекемелерге қатысты. Тексеріс нәтижесіне сәйкес 119 мемлекеттік құрылыс лицензиясының қолданысы 6 айға шектеліп, 2 лицензиаттың қызметі тоқтатылды. Бұдан бөлек, 89 лицензиатқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді. Анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 58 нұсқама берілді.
Жаңа Құрылыс кодексі саладағы бақылауды күшейтіп, заң талаптарын сақтауды міндеттейді. Бұл құрылыс нысандарының сапасы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Пікірлер