A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 12:10 0

ШҚО-да жаңбыр жаууы мүмкін

Бүгін / ШҚО

Солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронтальды жүйелер Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріндегі ауа райына әсер етуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Кейбір аудандарда бұршақ жаууы да ықтимал.
Солтүстікте ауа температурасы тұрақты болады. Күндіз ауа температурасы +22…+27 градус шамасында ауытқиды.
Ал елдің батысы мен оңтүстігінде аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіледі. Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен батыста ауа температурасы +34…+39 градусқа, ал оңтүстікте +37…+42 градусқа дейін көтеріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив