A+ A A-

talgatzhan 52 Бүгін, 14:00 0

ШҚО күрес федерациясына басшы тағайындалды

Бүгін / ШҚО / Спорт

Дарын Шалғынбаев Шығыс Қазақстан облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жуықта өткен жалпы жиынға Қазақстан күрес федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Сәрсенов, облыстық спорт саласының мамандары, жаттықтырушылар және күрес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Аталған басқосу барысында өңірде күрес түрлерін дамыту мәселелері талқыланып, федерацияның жаңа президенті таныстырылды. Өз сөзінде Дархан Нұрмаханбетұлы ендігі кезекте Дарын Қайырбекұлының алдында облыста күрес түрлерін дамыту, жаттығу сапасын арттыру және бәсекеге қабілетті балуандар даярлау міндеті тұрғанын атап айтып, жаңа қызметінде табыc тіледі.

Дарын Шалғынбаев – құрылыс саласының бакалавры және заң ғылымдарының магистрі. Құрылыс, агробизнес және кәсіпкерлік бағыттарында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Басқарушылық және қоғамдық қызметте де мол тәжірибе жинақтаған.

Жаңа басшының тәжірибесі өңірдегі күрестің дамуына тың серпін береді деп күтілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив