A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 18:00 0

ШҚО-да вегетациялық кезең тұрақты өтіп жатыр

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ертіс бассейндік су инспекциясы басшысының орынбасары Ернар Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның сөзінше, Ертіс өзені алабында үшінші жыл қатарынан су аз болғанына қарамастан, өңірдегі шаруалар суармалы сумен толық қамтамасыз етілген.

- Суару маусымына дайындық өткен жылдың соңында басталды. Осы уақыт ішінде су қоймаларында қажетті су қоры жиналып, гидромелиорациялық жүйелер әзірленді. Сондай-ақ су пайдаланушылармен электрондық келісімшарттар жасалып, фермерлерге суды тиімді пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деді Ернар Мәдиев. 

Биыл өңірде 27,7 мың гектар егістік алқабын суару жоспарланған. Бұл мақсатқа 52,8 миллион текше метр су пайдаланылады. Қазір 9 мың гектардан астам суармалы жерге су беріліп, шамамен 38,9 миллион текше метр су жұмсалды.

Мамандардың мәліметінше, облыстағы ірі су қоймаларында 37,35 миллиард текше метр су қоры бар. Бұл жалпы жобалық сыйымдылықтың 74 пайызынан асады. Сондықтан қолдағы су қоры вегетациялық кезеңді тұрақты өткізуге толық жеткілікті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив