Өңірді 2036-2030 жылдарға арналған дамыту жоспарына зер салсақ, демографиялық жағдай негізгі мәселелердің бірі ретінде көрсетілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бас жоспарды әзірлегендер алдымен облыстың артықшылықтарына тоқталды. Соған сәйкес құрамында түсті металдар бар полиметалл кен орындарының болуы, асыл және түсті металлдар өндіру, күнбағыс майы, бал, шұжық өндіру – экономика тұрғысынан көп-көрім табыс әкеліп отыр. Одан бөлек, «Казцинк» ЖШС мен «Үлбі ТВС» ЖШС жүзеге асыратын жобалар базасындағы металлургия өнеркәсібі мен атом саласын дамыту аймақ артықшылықтарының бірі саналады.
Ал басты мәселелердің бірі ретінде демографиялық ахуал айтылды.
– Халықтың табиғи өсімі көші-қон ағынымен жұтылады. Облыстың шекаралас аудандарында 171,9 мың адам тұрады. Былтыр 1-қаңтардағы жағдай бойынша урбандалу деңгейі 67,1 пайызға жетті. Өңірдегі ауыл тұрғындарының саны екі жылда 8,6 мың адамға азайды. Облыс халқы қартаюға бейім, – делінген құжатта.
Бірақ әр жылы аймаққа басқа өңірлерден қоныс аударушылар санын арттыруға баса мән беріліп жатыр. Аудан әкімдері олар мейілінше тұрғындар саны кеміген елдімекендерге барса дейді.
Фото: ЖИ
Пікірлер