A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:10 0

ШҚО Dongfeng Motor компаниясымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Бүгін / ШҚО

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Қытайдың ең ірі көлік корпорацияларының бірі – Dongfeng Motor Corporation басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тараптар Шығыс Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру әлеуетін, өнеркәсіп саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Өңір басшысы Шығыс Қазақстан облысы стратегиялық инвесторларды тартуға, заманауи технологияларды енгізуге және жаңа өндірістерді құруға мүдделі екенін атап өтті.

- Ірі халықаралық компаниялармен ынтымақтастық Шығыс Қазақстан облысының экономикасын дамытуға және аймақта жаңа жұмыс орындарын ашуға қосымша мүмкіндіктер береді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазір Шығыс Қазақстан облысында ірі инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігі пысықталуда. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив