A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 09:00 0

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады — Қазгидромет

Бүгін

«Қазгидромет» РМК 7 тамыз күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек шығыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Шығыста жаңбыр, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанған. Оңтүстікте шаңды дауыл, батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жетісу және Ұлытау облыстарында 35-38 градус қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысында ауа температурасы 38-40 градусқа жетеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарында 40 градус қатты ыстық болжанған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив