A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:00 0

Қазақстандық мектеп директорлары Қытайдың білім жүйесіндегі ЖИ тәжірибесін меңгерді

Бүгін / Республика

Қазақстандық мектеп директорлары Қытайда өткен халықаралық семинарда жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізудің озық тәжірибесімен танысты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен «Жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесінде қолдану» халықаралық семинарына Қазақстаннан «Келешек мектептері» жобасының 50-ге жуық директоры қатысты.

Семинар барысында қатысушылар қытайлық әріптестерімен тәжірибе алмасып, білім беру ұйымдарын басқарудың заманауи тәсілдерін зерделеді. Сондай-ақ цифрлық шешімдерді пайдалану, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізу және мектептер мен жоғары оқу орындары арасындағы тиімді ынтымақтастық үлгілерімен танысты.

- Семинар қорытындысы бойынша зерделенген тәжірибелерді "Келешек мектептерінің" жұмысына кезең-кезеңімен енгізу, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты жалғастыру жоспарлануда, – деп хабарлайды министрлік.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив