A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:55 0

Өскеменде жарық қалпына келтірілуде

Бүгін / Өскемен

Қала әкімдігінің ақпаратынша, Мирный кентінде ағаштардың құлауы салдарынан зақымданған электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға орнында 3 авариялық бригада жұмыс істеді. 

- Жалпы қала бойынша электр желілеріндегі ақауларды жою және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарына 13 авариялық бригада жұмылдырылды. Апаттық қызметтер барлық ақау толық жойылып, электрмен жабдықтау қалпына келтірілгенге дейін үздіксіз жұмысын жалғастырады. Қазір электрмен жабдықтау келесі учаскелерде қалпына келтірілді: Физкультурная және Глинки көшелері, Дмитриева көшесі, Назарбаев даңғылының Пограничная көшесінен Бажов көшесіне дейінгі бөлігі, - делінген ресми мәліметте. 

Сондай-ақ коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Көшелерді тазалау, құлаған бұтақтар мен қоқыстарды шығару, қала аумағын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар толық аяқталғанға дейін жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив