A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 10:05 0

ШҚО әкімі қолайсыз ауа райының салдарына байланысты жедел кеңес өткізді

Бүгін / ШҚО

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов төтенше қызметтердің, коммуналдық кәсіпорындардың, энергетикалық ұйымдардың басшыларын, қала және аудан әкімдерін жинап, қазіргі жағдайды бағалап, бірінші кезектегі міндеттерді айқындап, электрмен жабдықтауды қалпына келтіру, аумақтарды тазарту, баспаналары зақымданған тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын тұрақты бақылау мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде 25 мыңнан астам тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына ТЖД-ның 148 қызметкері мен 27 арнайы техника жұмылдырылды.

Ұлан ауданында қатты жел мектептің, екі қабатты тұрғын үйдің және Өскемен құс фабрикасының үш ғимаратының шатырына зақым келтірді. Зақымданған аумақтың жалпы көлемі мың шаршы метрден асты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бүлінген нысандардың тұрғындарына 100 АЕК көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Өскеменде ауа райы қолайсыздығының салдары қысқа мерзімде жойылды: үш сағат ішінде негізгі магистральдық жолдар құлаған ағаштардан тазартылып, бес сағат ішінде су басу жағдайлары жойылды. Жұмыстарға 270 адам мен 41 арнайы техника тартылып, 15 құлаған ағаш жиналды. 1300-ге жуық абонент әлі де жарықсыз отыр, қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 

Ал Глубокое ауданында электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, дегенмен қуаты әзірге әлсіз.

Нұрымбет Сақтағанов жолдарды, тротуарларды және қоғамдық аумақтарды тазарту жұмыстарын барынша қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Екі күн ішінде келтірілген залалға бағалау жүргізіліп, оның нәтижесі ұсынылуы тиіс. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен апаттық учаскелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастырып, азаматтардың апат қаупі бар аумақтарға кіруіне шектеу қоюы қажет.

Сондай-ақ өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне электрмен жабдықтауды мүмкіндігінше қысқа мерзімде толық қалпына келтіруді тапсырды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив