A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 11:20 0

Өскемендегі Самал саябағында сынған көпірді жөндеу басталды

Бүгін / Өскемен

Нысанды бірер апта ішінде қалпына келтіру жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда Карбышев көшесін Самал саябағымен байланыстыратын аспалы жаяу жүргіншілер көпірі сынып, пайдалануға жарамсыз болып қалған еді. 
Алдын ала мәліметтер бойынша жасөспірімдер көпір үстінде шайқалып, нәтижесінде ол қисайып кеткен. Салдарынан алты адам суға құлап кетті. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Көпір жабылып, жөндеу жұмыстары жүргізілетіні уәде етілді.
- Қазір зақымдалған көпірде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған кабельді ауыстыру, аспалы арматураны алып тастау және екі аспаны ауыстыру кіреді, - деді қала әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері. 
Әкімдіктің мәліметінше, жұмыс үш апта ішінде аяқталады деп күтілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив