Ертең «Алтай Өскемен» Петропавлдың «Қызылжар» командасымен матч өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шыны керек, қазір Вахид Масудов баптайтын өскемендік команданың жағдайы мәз емес. 16 команда ішінде 16-орында тұр. Үш ұпай алып, турнир кестесінде көтерілмесе, кейін қуып жету қиынға түсуі мүмкін. Осы сенбіде өтетін ойын алдында клуб шабуылшысы Денис Митрофанов жанкүйерлерді стадионға келіп, қолдау көрсетуге шақырды. Айтуынша, команда әр ұпай үшін соңына дейін күресуге дайын.
– Қазір командамыз қиын кезеңді өткеріп жатыр. Клуб пен жанкүйерлер алдындағы жауапкершілікті сезініп отырмыз. Әр доп пен әр ұпай біз үшін алтынмен пара-пар. Сондықтан соңына дейін бар күшімізді саламыз. Баршаңызды стадионға келіп, бізді қолдауға шақырамыз, – деді Денис Митрофанов.
Пікірлер