ШҚО Полиция департаменті интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, енді алаяқтар ешқандай бағдарламаны бұзбайды. Олар тек азаматтардың сенгіштігі мен асығыстығын пайдаланады.
- Телефоныңызға eSIM рәсімдеу немесе ұялы байланыс операторының жеке кабинетіне кіру туралы хабарламаларды қайта-қайта жіберіледі. Олардың мақсаты – сізді шаршатып, абдыратып немесе байқамай «Растау» батырмасын басқызу. Егер мұндай сұрауды растасаңыз, алаяқтар сіздің телефон нөміріңізді өз бақылауына алып, банк қосымшаларына, әлеуметтік желілерге және басқа да аккаунттарыңызға қол жеткізуі мүмкін. Егер сіз сұратпаған eSIM рәсімдеу немесе жеке кабинетке кіру туралы хабарламалар келсе, ештеңені растамаңыз, ешқандай батырманы баспаңыз, бірден ұялы байланыс операторының ресми байланыс орталығына хабарласып, аккаунтыңыздың қауіпсіздігін тексеріңіз, - деді полиция қызметкерлері.
Пікірлер