Осыған орай бүгін аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесуде талқыланған негізгі тақырып – ҚР Конституциясының негізгі бағыттарын түсіндіру.
– Құрметті бапкерлер, 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына бәріңізді атсалысып, Қазақстанның дамуына үлес қосып, дауыс беруге шақырамын. Одан бөлек, 9-14 тамыз аралығында 24-ші халықтық ұлттық ойындар өтеді. Қатысушылар 15 спорт түрінен бақ сынайды. Соған команда жинап, аудан дамуына үлес қосады деген үміттемін, – деді аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Сұлтан Қуанғанов.
Айтуынша, аудан бапкерлері тек спорттық шеберлікті шыңдаумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ жасөспірімдердің азаматтық және саяси сауаттылығын қалыптастыруға да үлкен үлес қосып жүр.
Пікірлер