A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:45 0

ШҚО-да сел жүру қаупі сақталған бірнеше аудан бар

Бүгін / ШҚО

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері таулы аймақтарда сел жүру қаупі әлі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, қауіп Зайсан, Алтай, Катонқарағай аудандары мен Риддер қаласы аумағында орналасқан 13 өзен бассейнінде тіркелген. Аталған аумақтағы 144 мореналық көл 13 сел қалыптасу ошағын құрап, 11 елдімекенге қауіп төндіруі мүмкін.

«Қазселденқорғау» мамандары сел құбылыстары ұзақ уақытқа созылған нөсер жауын-шашын немесе қатты жер сілкінісі кезінде ғана болуы мүмкіндігін жеткізді.

Ал сырғыма қаупі бар 9 учаске анықталған. Олардың басым бөлігі өзен жағалауларының тік жарқабақтары мен автомобиль жолдары бойындағы тау беткейлерінің ойылған бөліктерінде орналасқан. Бұл учаскелер Алтай, Катонқарағай, Зайсан ауданы мен Риддер қаласы маңындағы Громотуха, Үлбі (Уба), Черновая, Хамир, Бұқтырма және Кендірлік өзендерінің бассейндерінде бар. 

– Сел жүру қаупі бар дегелі 9 маусымдық және Катонқарағай ауданындағы Сарымсақты өзеніндегі гидробекет қызмет атқаруда. Күн сайын үш рет барлық гидробекеттен сел қаупі бар учаскелердегі гидрометеорологиялық жағдай туралы ақпарат беріледі. Бүгінде облыстағы учаскелерде жерүсті визуалды тексерулер жүргізілді. Сел, сырғыма қаупі бар аумақтарда ескерту, тыйым салу қалқандары мен жол белгілері орнатылған, – делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі берген ақпаратта. 

Белгілі болғандай, ҚР ТЖД «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалы мамандары Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма өзені бассейніндегі мореналық көлдерге әуеден тексеру жүргізді. Оның қорытындысында көлдердегі су деңгейі қалыпты жағдайда екені анықталды.

– Су ұстап тұрған бөгеттер қалыпты күйде. Ал судың ағуы тұрақты жерүсті ағын арналары арқылы жүзеге асырылып жатыр. Су арналарына көшкін құбылыстарының әсері анықталған жоқ. Жалпы, сел қаупі басталғалы бері 69 жерүсті учаскеге және 45 сырғыма қаупі бар учаскеге тексеру жүргізілді. Жағдай тұрақты, қандай да бір қауіп анықталған жоқ, - делінген ресми жауапта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив