Жаңа жыл қарсаңында аудандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тұрғындары мекемеден тыс жерлерге барып-қайтуға мүмкіндік беретін шағын автобус қажет екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановқа мәселенің шешілетінін айтып, уәде берген болатын.
Кеше сол уәде орындалып, орталыққа жаңа шағын автобус табысталды. Енді орталық тұрғындары үшін экскурсияларға, концерттерге, театр қойылымдарына, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу әлдеқайда қолжетімді болмақ.
Айта кетейік, биыл Солнечное ауылындағы қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылғанына 25 жыл толды. Қазір мұнда 112 адам тұрып жатыр. Олардың ең үлкені 96 жаста.
Пікірлер