Өңірде бейнебақылау камералары арқылы 16 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Жедел басқару орталықтарындағы камералардың арқасында осы жылдың жеті айында 16 289 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішіндегі басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты – 11 688 жағдай, – делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, камералар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішудің 1 759 фактісін анықтауға көмектескен. Полиция қызметкерлері әр құқықбұзушылық бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдады.
– Бейнебақылау жүйесінің жұмысы полицияға құқықбұзушылықтарды тек тіркеп қана қоймай, оларға жедел ден қоюға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және өңір көшелеріндегі тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.
Пікірлер