A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:10 0

ШҚО-да биыл 50 адам қызылшамен ауырды

Бүгін / ШҚО

Облыста 2026 жылдың басынан бері қызылшамен ауырғандар саны бес есе төмендеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ШҚО Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен мәлім етті.
Өткен жылы өңірде қызылша ауруы кең тараған болатын. Ал осы жылдың алғашқы алты айында өңірде 50 жағдай тіркелді. Былтыр осы кезеңде 248 адам қызылшамен ауырған еді.
- Биыл да науқастардың басым бөлігі балалар болып отыр (33 жағдай). Өткен жылдың алғашқы жартыжылдығында қызылшаға шалдыққан балалар саны 156 болған. Қызылша жұқтырғандардың 28-і Өскемен қаласының тұрғындары. Екінші орында Тарбағатай ауданы (15 жағдай) тұрса, Алтай және Зайсан аудандарында екі адамнан қызылша жұқтырған. Қалған бір жағдайлар Риддер қаласы, Глубокое және Ұлан аудандарында анықталған, - делінген ақпаратта.
Тіркелген 50 жағдайдың 23-і әртүрлі себепке байланысты вакцина алмаған адамдар арасында болған. Оның ішінде жеті бала вакцина салдыратын жасқа толмаған. Сегіз жағдайда ата-аналар вакцинаға үзілді-кесілді қарсы болып, балаларына екпе салдырудан бас тартқан.
Бір жасқа дейінгі балалардың 39,3 пайызы қызылшаға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алған. Ал алты жастағы балалардың 37,3 пайызы вакцинаның екінші дозасымен қамтылған.
Уақтылы вакцина алмаған тұрғындарды қызылшаға қарсы иммундау жұмыстары да жалғасып жатыр. Қосымша иммундау аясында биыл 7-18 жас аралығындағы балалардың 46,6 пайызы вакцина алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив