A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 11:10 0

ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтуде

Бүгін / ШҚО

10-12 тамыз аралығында өңір аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдағы апаттылық деңгейін төмендету, жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтардың жолын кесу.
Шара барысында ШҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысына бақылауды күшейтті. Әсіресе белгіленген жылдамдықты асыратын, қарсы бағытқа шығатын, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту тәртібін бұзатын, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланатын жүргізушілерге ерекше назар аударылады.
- Сонымен қатар жолаушылар мен балаларды тасымалдау талаптарының сақталуы, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану, көліктердің техникалық жағдайы және мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің болуы тексеріледі. Полиция қызметкерлері бақылау жұмыстарымен қатар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңызын еске салады, - делінген ресми ақпаратта. 
Облыс полициясы жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға, белгіленген жылдамдық тәртібін сақтауға, қауіпті маневрлерге жол бермеуге және жолдағы өзге де қатысушыларға құрметпен қарауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив