A+ A A-

talgatzhan 75 Бүгін, 14:15 0

ШҚО-да кезекті борышкерді анықтады

Бүгін / ШҚО

Қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының борышкерді іздестіру туралы қаулысы келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап әйел қала тұрғыны алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтарып келген. Қарыз сомасы 1 миллион теңгеден асты.
- Жүргізілген іздестіру шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 31 жастағы борышкер әйелдің орналасқан жерін анықтады. Ол Шымкент қаласынан табылды. Орналасқан жері туралы ақпарат қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін сот орындаушысына жолданды, - делінген ресми мәліметте.
Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген 65-тен астам борышкердің орналасқан жерін анықтады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив