Өңірдегі Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері жылыту маусымында пешпен жылытылатын жер үйлерде ыстан улану жағдайлары артатынын ескертіп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, өткен жылы өңірде 21 адам көміртегі тотығымен уланудан зардап шекті.
- Нашар тазаланатын мұржалар, мұржалардағы жарықтар мен қызып кеткен пештер мұның негізгі себебі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында әлеуметтік осал отбасылар үйлеріне 680 көміртегі тотығы детекторы орнатылып, екі адамның өмірін сақтап қалды, - делінген ақпаратта.
Соңғы алты жылда аймақта барлығы 17 000 детектор орнатылып, 45 адамның, оның ішінде 31 баланың өмірін сақтап қалған көрінеді.
- Үйіңізді және өміріңізді салдардан қорғау үшін Төтенше жағдайлар департаменті мамандары тұрғындарға пештерін қыс мезгіліне қазірден бастап дайындауға кеңес береді. Алдымен, пештің ішін мен сыртын мұқият тексеріп, күйіктің немесе басқа зақымдардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Қажет болса, мұржаны және пештің өзін қайта сылаңыз. Жылыту маусымы басталғанша және басталғанда үш айда бір рет мұржалар мен пештерді тазалаңыз, - делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, пеш есігінің бекітілуін тексеріп, пеш алдына 50 x 70 см металл от жағу жәшігін орнату қажет.
- Пеш жағу ережелеріне сәйкес жанғыш құрылымдардан өртке төзімді аралығы (қашықтығы) болуы керек, - дейді мамандар.
Фотосурет: tirshilik-tynysy.kz
Пікірлер