Облыс орталығында Ұлы Отан соғысының ардагері Макар Харин 100 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен өңір жұрті ардагерді мерейтойымен құттықтады. Мерейтой иесінің құрметіне әскери қызметшілердің салтанатты маршы ұйымдастырылды.
Макар Харин 1926 жылы 10 тамызда Алтай өлкесінің Чарыш ауданындағы Маралиха ауылында дүниеге келді. 1943 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, майданға аттанды. 52-гвардиялық атқыштар дивизиясының 153-гвардиялық атқыштар полкінде минометші болып қызмет етті. Ленинград және Прибалтика майдандарындағы ұрыстарға қатысты. 1944 жылы ауыр жараланып, әскерден босатылды.
Ерлігі мен қайсарлығы үшін III дәрежелі Даңқ, Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы орденімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.
Соғыстан кейін туған ауылында еңбек етті. Ал 1961 жылдан бері Өскеменде тұрып жатыр. Мұнда үй құрылысы комбинатында және облыстық газ шаруашылығында жұмыс істеді.
Бүгінде Макар Харин мерейтойын жақындары мен жерлестерінің ортасында қарсы алып отыр.
Пікірлер