Ұлан ауданында полицейлер ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен еркін жайылымға кеткен 12 жылқыны тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жылқыларды іздеу жер аумағына байланысты қиындық туғызды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланған.
Әуеден жүргізілген бақылау нәтижесінде ауқымды аумақ қысқа уақытта тексеріліп, жылқылардың жүрген жері анықталды. Олар жоғалған жерден 27 шақырым қашықтан табылды. 12 жылқының барлығы иесіне қайтарылды.
Осылайша, ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану іздеу уақытын едәуір қысқартып, ашық әрі жетуі қиын аумақтарды жедел тексеруге мүмкіндік берді.
ШҚО Полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін малдың жайылымдағы қозғалысын бақылауда ұстауға және қараусыз қалдырмауға шақырады.
Пікірлер